АҚШ – аймақтағы есірткі заттары мен лаңкестіктің артуының факторы
АҚШ-тың Ауғанстанда орналасуынан кейін бұл елде лаңкестік топтардың санымен бірге есірткі өндірісінің деңгейі де артты.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының баспасөз хатшысы Хосейн Нақави Хосейни бейсенбі күні Majles ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ауғанстандағы көкнәр алқаптарының АҚШ-тың екінші мұнай ұңғымаларына айналғанын ескертті.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының баспасөз хатшысы Ауғанстандағы ДАИШ-тың орналасуына тоқталып: "Вашингтон бүгін аймақтағы бейберекеттіктерді жалғастыру үшін ДАИШ үшін жаңа жерлер дайындап жатыр",- деді.
АҚШ пен Вашингтонның одақтастары 11 қыркүйектен кейін лаңкестікке қарсы күрес пен есірткіні жоюды сылтауратып, Ауғанстанға кірді. Басында есірткімен күресу АҚШ-тың Ауғанстанға шабуыл жасауының негізгі мақсаты болып белгіленгенімен кейін Британия мен АҚШ әскерилерінің жасырын түрде көкнәр алқаптарын кеңейтуге араласып жатқаны әшкере болды.
Негізінде Ауғанстандағы есірткі өнімінің артуы кездейсоқ құбылыс емес. Бұл іс әрқашан АҚШ пен Батыстың қолдауына ие боды. Өйткені, АҚШ пен Британия басшылары үшін есірткі пайдасы өте маңызды. Ауғандық контрабандашылар үшін героиннің әр килограммын көршілес елдердің шекараларына экспорттау 3800 долларға бағаланған. Бұл таза героиннің бағасы. Еуропада оның бір граммы 70 долларға сатылады.
Англияның The Independent газеті: "Ауғанстан есірткісінің экспорты басқа елдер үшін де өте маңызды",- деп жазды.
БҰҰ-ның статистикасы бойынша, Ауғанстанда 2008 жылы есірткі өінімі 200 тонна болса, қазіргі кезде 9000 тоннаға жетті.
БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Париж келісімі жөніндегі үйлестірушісі Мари Анн Мюнирдің айтуынша, Ауғанстандағы есірткі өндірісі 2017 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 78 пайызға артқан. Ауғанстандағы есірткінің артуы әлем үшін қауіпті.
Иран – есірткінің негізгі бағыты әрі транзит жолы. Есірткіге қарсы күресте Иран осы уақытқа дейін өзінің 3800 қауіпсіздік күшінен айрылды. 12 000 азаматы жараланып, мүгедек болып қалды.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани 2017 жылдың желтоқсан айының 5 күні Мәскеуде өткен әлемдік парламентаралық басқосуда сөйлеген сөзінде Ауғанстанда героин шығаратын 400 зертхананың орналасуына тоқталып: "НАТО бұл зертханаларды бомбалай алмайды ма?! НАТО Ауғанстандағы үйлену тойын нысанаға алғанда неліктен мекендері белгілі лабораторияларды бомбалай алмайды?"- деген болатын.