Рухани: Иран мен Түркіменстан арасында ынтымақтастықты дамыту – екі халықтың қалауы
https://itolqyn.com/news/world-i35800
ИИР Президенті Түркіменстанды дос әрі бауырлас ел деп атап, екі елдің ортақ ынтымақтастықтарын дамыту жолында қолда бар мол мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін, екі халықтың қалауының осы екенін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 28, 2018 18:14 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран мен Түркіменстан арасында ынтымақтастықты дамыту – екі халықтың қалауы

ИИР Президенті Түркіменстанды дос әрі бауырлас ел деп атап, екі елдің ортақ ынтымақтастықтарын дамыту жолында қолда бар мол мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін, екі халықтың қалауының осы екенін айтты.

Хасан Рухани сейсенбі күні Ашхабадта Иран мен Түркіменстан арасында 13 ынтымақтастық құжатына қол қойылғаннан кейін сөйлеген сөзінде: "Иран мен Түркіменстан – энергетика саласындағы қуатты елдер. Жүргізілген келіссөздерде осы саладағы әріптестікті  одан ары нығайтуға шешім қабылданды.

Иран мен Түркіменстан Орта Азия мен оңтүстіктегі сулардың екі маңызды қақпасы ретінде аймақтағы транзитті жеңілдете алады",-деді. Рухани, сондай-ақ, Сарахс көпірінің ашылуы және оның сауда қарым-қатынасын тереңдетудегі рөліне тоқталып: "Тасымалға қатысты қиыншылықтар шешілгеннен кейін екі елдің әріптестігі де одан ары жеңілдеп, екі елдің жеке секторларында ауқымдырақ әрекет етуге жағдай жасалады",-деді.

Түркіменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов те осы рәсімде өз елінің Теһранмен қарым-қатынасты барлық салалар бойынша дамытуға шешім қабылдағанын айтып: "13 ынтымақтастық құжаты мен ортақ мәлімдемеге қол қою Иран мен Түркіменстан халықтарының мүдделерін көздейді. Осы келісімдерді орындағанда екі елдің барлық салалардағы ынтымақтастығы одан ары кеңейе түседі",-деді.