Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасындағы лаңкестердің белсенділігіне қатысты ескерту жасады
Нау 31, 2018 21:15 Asia/Almaty
Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Ихтиёр Абдуллаев Ауғанстанның солтүстігі мен елдің шекараларының маңында лаңкестік топтардың белсенділігіне қатысты ескерту жасап:
"Ауғанстанның солтүстік бөлігінде ДАИШ, "Түркістан исламдық қозғалысы" секілді лаңкестік топтардың белсенділік танытуы мен Таяу Шығыс қақтығыстарына қатысқан лаңкестердің Өзбекстанға оралуы бұл ел үшін шынайы қауіп төндіреуде",- деді.
Өзбекстандық жауапты тұлға сондай-ақ сепаратистік күштердің шамадан тыс белсенділігі мен шетелдік мемлекеттердің оларды қаржылай қамтамасыз етуіне байланысты да ескерту жасады.
Тегтер