Трамп: Сауд Арабиясы Сириядағы АҚШ-тың орналасуының құнын төлеуі керек
(last modified Wed, 04 Apr 2018 08:26:11 GMT )
Сәу 04, 2018 14:26 Asia/Almaty
  • Трамп: Сауд Арабиясы  Сириядағы АҚШ-тың орналасуының құнын төлеуі керек

АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Ақ үйде Эстония, Латвия және Литва президенттерімен бірге өткізген ортақ баспасөз отырысында: "Егер саудиялықтар АҚШ-тың Сирияда қалуын қажет етсе, АҚШ-тың сол елде орналасуының құнын төлеуі керек",- деді.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман наурыздың 30 күні  Вашингтоннан күштерін Сириядан шығармауды сұрады. Трамп АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағындағы жеті жылдық орналасуы кезінде 7 триллион доллардың жұмсалғанына тоқталып: "Бұл елдің аймақтағы орналасуы өлім мен қиратудан басқа еш нәрсе әкелген жоқ",- деп мойындады.

АҚШ-тың әскери қолбасшылары әскерилерінің ұзақ уақыт Сирияда қалатыны немесе олардың санын арттыру туралы сұхбат жүргізген жағдайда Трамп өткен аптадан бері әскери шығынның жоғары болуына байланысты АҚШ-тың Сириядан тез арада шығатыны туралы айтуда. Трамптың бұл сөздері Тель-Авив пен Риядқа жақын ақпарат құралдары мен саясаткерлердің АҚШ-тың Сириядан шығуының салдарларына алаңдаушылық білдіруіне себеп болды.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                       

 

Тегтер