Лавров: Батыстың санкциялары әлемнің тұрақтылығына қауіп төндіруде
Ресей Сыртқы істер министрі Батыс елдерінің санкцияларын әлемдегі тұрақсыздықтың факторы деп атады.
Ресей СІМ Сергей Лавров Мәскеуде өткен жетінші Қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде: "Батыс елдерінің санкциялары әлемнің тұрақтылығына соққы беруде. Вашингтон әлемде өзінің принциптерін таңуды көздеп отыр.
Соңғы жиырма жылдың ішінде геосаяси карта көпполюсты әлемге қарай өзгерді",- деді. Ресей СІМ-нің айтуынша, америкалықтар Таяу Шығыс аймағына біржақты үстемдік орнатуды мақсат етуде.
Лавров: "Батыстықтар өздерін әлемнің жетекшісі санап, халықаралық келісімдерді құрметтемейді. Химиялық қаруларды таратуға тыйым салу жөніндегі келісімге сәйкес, Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипальдың ісіне қатысты халықаралық бейтарап тергеу жұмыстарын жүргізу қажет",- деп баса айтты.
Сергей Скрипаль мен оның қызы 2018 жылы наурыздың төрті күні Ұлыбританияның оңтүстігінде Лондонның анықтамасы бойынша «әскери химиялық" зат салдарынан уланған.
Ұлыбритания Ресейді Скрипаль мен оның қызының улану жағдайына жауапты деп атады. Ресей айыпты қабылдамай, Ұлыбританиямен ақиқатты анықтауда әріптестік жасауға әзірлігін мәлімдеді.