АҚШ Сауд Арабиясына қару сатуға келісті
Вашингтон Сауд Арабиясына миллиардтаған долларға қару сатуының жалғасында Риядқа 1,31 миллиард долларға 180 артиллериялық жүйе сатуға келісті.
Франция ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, Сауд Арабиясына бұл қарулардың сатылатынын растайтынын жариялады. АҚШ Конгресінің бұл қаруды сатуды растау немесе растамауға 30 күн уақыты бар.
АҚШ Мемлекеттік департаменті осыдан біраз уақыт бұрын Сауд Арабиясына бір миллиард долларға танкке қарсы 6600 зымыран сатуға келіскен болатын.
АҚШ Президенті Дональд Трамп өткен жылғы Рияд сапарында Сауд Арабиясының АҚШ-тан 110 миилиард долларға қару сатып алатынын айтқан болатын.
Трамп Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманмен Ақ үйдегі жуырдағы кездесуінде АҚШ-тан қаруды көбірек сатып алуды сұраған болатын. АҚШ пен Сауд Арабиясының әскери ынтымақтастықтары АҚШ-тың ішінде шынайы қарсылықпен бетпе-бет келіп отыр.