Америкадағы Ресей елшілігі: Вашингтонның санкциялары Ресей халқын нысанаға алған
(last modified Sat, 07 Apr 2018 15:47:54 GMT )
Сәу 07, 2018 21:47 Asia/Almaty
  • Америкадағы Ресей елшілігі: Вашингтонның санкциялары Ресей халқын нысанаға алған

Америкадағы Ресей елшілігі Американың ресейлік бизнесмендер мен компанияларға салған санкцияларын шын мәнінде Ресей халқын нысанаға алған деп атады.

Франц Пресс хабар агенттігінің мәліметі бойынша Америкадағы Ресей елшілігі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Американың Ресейге қарсы санкцияларынан Вашингтонның Ресей қоғамын бірнеше бөлікке бөлуді қалайтынын жақсы байқауға болады. Олардың бұл саясаттары өрге баспайды. Себебі, Ресей халқы шетелдік қысымдар кезінде үнемі өздерінің басшыларының қасына жиналады деді».

Ресей Думасының басшысы Вячеслав Володин да Американың Ресейге қарсы жаңа санкциялары туралы айтқанда Американың санкцияларының мақсатын Ресейдің экономикасын әлсіретуді мақсат етеді деп сараптады.

Сонымен қатар Ресей СІМ де жұма күні Американың Ресейге қарсы санкцияларына білдірген реакцияда Мәскеудің Американың санкциялары мен болашақта Ресейге қарсы қолданатын кез келген шарасына қатаң жауап беретінін мәлімдеді.

Американың Қаржы министрлігі жұма күні Ресейдің батыс демократиясымен дұшпандығын сылтауратып, осы елге тағы санкция салатынын, санкциялардың 38 бизнесмен мен Ресейдің ресми тұлғаларын қамтитынын хабарлады.