Никки Хейли Қауіпсіздік кеңесін Сирияға қарсы істе өзімен жақтастыруға талпыныс жасауда
(last modified Tue, 10 Apr 2018 03:41:59 GMT )
Сәу 10, 2018 09:41 Asia/Almaty
  • Никки Хейли Қауіпсіздік кеңесін Сирияға қарсы істе өзімен жақтастыруға талпыныс жасауда

БҰҰ-ғы Американың өкілі «Сириядағы химиялық шабуылдарды тәуелсіз бағалау» деген комитет құруды сұрады.

IRNA-ның хабарлауы бойынша БҰҰ-ғы Америка өкілі мәлімдеме жариялап, Американың Кот-д'Ивуар, Франция, Кувейт, Голландия, Польша, Швеция мен Британия елдерімен бірлесіп, Сирияның Дума қаласында  химиялық қару қолданылуға қатысты жуырдағы айыптаулар бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысын өткізуді сұрағанын мәлімдеді.

Хейли Сирия үкіметін айыптап: «Сирияның әскери емес бейбіт тұрғындарына зардап тигізетін химиялық қаруларды қолдану қалыпты іске айналды» деген уәж айтты.

Лаңкестер мен олардың батыс қолдаушыларына жақын дереккөздері Сирия әскерилері ұшақтарының сенбі күні түнде Дамаскке жақын Думаны химиялық оқ-дәрімен бомбалағанын, соның барысында 75 адамның қаза тауып, жүздеген адамның уланып, зардап шекккенін мәлім етті.

Мұндай айыптар Сирия әскерилері Дума қаласын азат етуге аз қалған жағдайда айтылып отыр. Мұның алдында Сирия үкіметі лаңкестердің химиялық шабуылға қатысты жоспар құрып жатқанын ескерткен болатын.

 

 

Тегтер