АҚШ-тың Сирияға зымырандық шабуыл жасау ықтималы артты
(last modified Tue, 10 Apr 2018 11:42:04 GMT )
Сәу 10, 2018 17:42 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Сирияға зымырандық шабуыл жасау ықтималы артты

АҚШ-тың CNN ақпарат арнасы америкалық "Дональд Кук" кемесінің 60 зымыранмен Сирияның батысындағы Тартус портынан 100 шақырым жерде орналасқанын хабарлады.

Америкалық басшылар сондай-ақ, ел үкіметінің Сириядағы химиялық шабуылға брнеше елдің әскерилерінің қатысуымен әскери жауап қайтаруды ойластырып жатқанын хабарлады. Есімдерін жарияламаған бұл қайраткерлер Франция мен Британияны және АҚШ қолдайтын Таяу Шығыстың бірнеше мемлекетін Сирияға қарсы әскери шабуылға қатысатын Трамп үкіметінің ықтималды серіктері ретінде атады.

АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Сирияның Дума қаласындағы химиялық  шабуылға әскери реакция білдіру туралы шешімін жылдам жариялайтынын мәлімдеген болатын.

 

 

Тегтер