Сирияға қатысты Ресейдің қарары қажет дауысқа ие болмады
(last modified Thu, 12 Apr 2018 11:34:02 GMT )
Сәу 12, 2018 17:34 Asia/Almaty
  • Сирияға қатысты Ресейдің қарары қажет дауысқа ие болмады

Ресейдің Сириядағы химиялық қарудың пайдалануы туралы зерттеу жүргізуге ұсынған қарары қажет дауысқа ие болмады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың Сирияға қарсы қарарына Ресей вето қолданғаннан кейін Мәскеудің қарарының жобасы дауысқа салынды. Ресей ұсынған қарар алты оң, жеті қарсы және екі қалыс дауысқа ие болып, қабылданбады.

АҚШ сейсенбі күні Сирияға қарсы қарарында Сирияның Дума қаласында химиялық қарудың қолданылу ықтималы туралы зерттеу жүргізуді ұсынды. АҚШ-тың Сирияға қарсы қарарына вето салуымен 2011-ші жылы Сирия дағдарысы басталғаннан бері Қауіпсіздік кеңесінің 12-ші қарары Ресейдің вето құқығын қолдануымен бекітілмеді.

 

 

Тегтер