Трамптың бұйрығымен АҚШ, Франция және Ұлыбритания Сирияға шабуыл жасады
(last modified Sat, 14 Apr 2018 08:48:41 GMT )
Сәу 14, 2018 14:48 Asia/Almaty
  • Трамптың бұйрығымен АҚШ, Франция және Ұлыбритания Сирияға шабуыл жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні кешке тілшілердің алдында сөйлеген сөзінде Сирияға шабуыл жасау туралы жарлық шығарғанын, Ұлыбритания мен Францияның АҚШ-тың Сирияға шабуыл жасау туралы шешіміне қосылғанын хабарлап:

«АҚШ-тың шабуылдары Сириядағы нақты мекендерді нысанаға алады. Бұл шабуылдар Сирияның химиялық қару-жарақтарын нысанаға алып отыр",- деді.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мей де елінің қарулы күштеріне Сирия жүйесінің химиялық қаруларды пайдалану қуатын тоқтату үшін келісілген шабуылдарды жүзеге асыруға рұқсат берілгенін мәлімдеді.

Франция президенті Эммануэль Макрон да: "Франция әскеріне Сирияға шабуыл жасау ісіне араласуға бұрық берілді. Сирияға шабуыл Сирия жүйесінің химиялық қаруларды шығарудағы қабілетін нысанаға алды",- деді.

Аты-жөні белгісіз бір америкалық басшысының айтуынша, АҚШ-тың сенбі күні таңертең бірнеше мақсатты көздеп, Сирияға қарсы жасаған шабуылы кезінде Томагавк зымыраны қолданылған.

Сирияның SANA ақпарат агенттігі Сирия Әскерінің әуе шабуылына қарсы қорғанысының 13 зымыранды нысанаға алып, оларды Дамасктың оңтүстігінен 30 шақырым қашықтықта орналасқан әл-Кисва ауданында құлатқанын хабарлады.

 

 

Тегтер