Зариф Сирияға рұқсатсыз жасалған шабуылды айыптады
(last modified Mon, 16 Apr 2018 08:27:58 GMT )
Сәу 16, 2018 14:27 Asia/Almaty
  • Зариф Сирияға рұқсатсыз жасалған шабуылды айыптады

Ұлыбритания СІМ ИИР Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатында өз елінің Сирияға жасалған зымырандық шабуылға қатысуын түсіндірді.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Борис Джонсонмен телефон арқылы сұхбатта Сирияға рұқсатсыз жасалған шабуылды айыптап, ИИР-ның химиялық қаруды пайдалануға қарсылығын білдіріп, Ирактың бұрынғы диктаторы Саддамның АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның қолдауымен Иранға қарсы химиялық қару қолданғанын еске салып, Батыс елдерінің екіұшты саясатын сынады.

Иран СІМ Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы инспекторларының Сирияға келмей тұрып шабуылдың жасалғанын күдікті деп атап: "Химиялық қару қолданды деген сылтаумен Сирияға қарсы орын алған екі шабуыл Сирия әскері лаңкестерден басым түсіп, оларды жеңіліске ұшыратуға жақын қалған сәтте жасалды",- деп мәлімдеді.

Иран СІМ сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның өз беттерімен, заңсыз әрі біржақты түрде Сирияға қарсы шабуыл жасауын сынға алып, Ұлыбритания СІМ-не ешбір мемлекеттің халықаралық заңдардан тыс өз бетімен басқа мемлекеттерді жазалауға құқығы жоқ екендігін баса айтты.

 

 

 

Тегтер