АҚШ пен одақтастарының Сирияға қарсы шабуылы – БҰҰ-на мүше елдің территориялық тұтастығын бұзу
(last modified Tue, 17 Apr 2018 11:37:32 GMT )
Сәу 17, 2018 17:37 Asia/Almaty
  • АҚШ пен одақтастарының Сирияға қарсы шабуылы – БҰҰ-на мүше елдің территориялық тұтастығын бұзу

Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы Иранның тұрақты өкілі Джахангири АҚШ пен одақтастарының Сирияға қарсы шабуылын БҰҰ мен Химиялық қаруға тыйым салу ұйымына мүше елдің ұлттық егемендігі мен территориялық тұтастығын бұзу деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы Иранның тұрақты өкілі Әлиреза Джахангири дүйсенбі күні ұйымның атқарушы кеңесінің Гаагада өткен 58-ші төтенше отырысында Батыс үкіметтерінің Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы тарапынан дәлелденбеген химиялық қару  туралы уәждерді сылтауратып, Сирияға жасаған жуырдағы шабуылын аталмыш ұйымның тарихындағы қара әрі қайғылы күн деп ата: "Ешбір құжатсыз, жалған дереккөздеріне сүйеніп, Сирияға қарсы жасалған шабуыл қылмыс саналады. Сондықтан оны іске асырғандар сотта жауап беруі керек",- деп қуаттады.

 

 

Тегтер