Рябков: Ресейдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты саясаты өзгерген жоқ
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары сәрсенбі күні Мәскеуде ИИР-ның РФ-дағы елшісі Мехди Санаимен кездесуінде Ресей саясатының бұрынғыдай "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдау және сақтау екендігіне тоқталып, Мәскеудің осы халықаралық келісімге қатысты ешбір өзгерісті қабылдамайтынын баса айтты.
Сергей Рябков, сондай-ақ: "Ресей Еуропа елдерінен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында белгіленген өз міндеттемелеріне беріктігін сақтап, АҚШ-тың қысымдарына тізе бүкпеуін күтеді",-деді.
Санаи мен Рябков аймақтағы, соның ішінде Сириядағы дағдарыстардың саяси диалог арқылы шешілуі қажеттігін қуаттады.
Сонымен қатар ИИР-ның РФ-дағы елшісі сәрсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрінің Таяу Шығыс істері жөніндегі орынбасары Сергей Вершининмен кездесіп, екі елдің халықаралық салалардағы, соның ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты әріптестігі туралы сұхбаттасты.
Иран мен "алтылық" елдерінің (Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, АҚШ пен Германия) ядролық келісімі 2016 жылдың қаңтар айынан бастап орындалды. Алайда АҚШ үкіметі осы топтың бір мүшесі ретінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындауда әрдайым уағда бұзып келеді.