Зариф: Иранда Америкаға деген сенімсіздік тереңдей түсті
Иран Сыртқы Істер Министрі Иранда Америкаға деген сенімсіздіктің тереңдей түскенін айтты.
Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф бүгін америкалық The New Yorker апталық басылымында жарияланған сұхбатында кейбір елдердің «Ортақ қадам» келісіміне жаңадан шарт қойып, оны сараптау қажет дегенін қабылдамай, Вашингтонның «Ортақ қадамға» табандылық танытуы үшін еуропалық елдердің Америкамен келіссөз өткізуін Иран қабылдайтын жалғыз шешім жолы деп атады.
Иран СІМ Американың «Ортақ қадамдағы» өз міндетін орындамауымен қатар, көбірек талап қойғанын айтып: «Америка өзінің бұл әрекетімен Иран мен әлем халқына Америкамен ешуақытта келісім жасамау керек деген қауіпті жолдау жіберді» деді.
Зариф Теһранның Вашингтон «Ортақ қадам» келісімінен шыққан жағдайдағы ықтималды әрекеті туралы айтқан сөзінде Иранның шешімі қандай болғанымен оның америкалықтар үшін жақсы болмайтынын қуаттады.