АҚШ-тың араб билеушілерінің Сирияға тікелей әскери араласуы үшін кеңістік тудыруына реакция білдірілді
(last modified Tue, 24 Apr 2018 16:12:38 GMT )
Сәу 24, 2018 22:12 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың араб билеушілерінің Сирияға тікелей әскери араласуы үшін кеңістік тудыруына реакция білдірілді

Сирия Парламентінің өкілі АҚШ-тың Сирияның солтүстігіндегі коалиция күштерін араб күштерімен алмастыру туралы өтінішін басқыншылық жасаумен бірдей деп атады.

Сирия Парламентінің өкілі Мұхаммад Махер Мувақа: «Бұл шара басқыншылық сипатта және халықаралық заңдар мен елдердің егемендігіне құрмет көрсету аясынан тыс»,-деді.  

Сирия Парламентінің өкілі Сириядағы лаңкестік топтардың мыңдаған қылмыскерінің АҚШ-қа бағынышты екенін, араб елдерінің тыңшылық ұйымдарының көмегімен және сионистік режимнің әріптестігімен дайындықтан өткенін айтты.

Wall Street газетінің жазуынша, АҚШ Сирияда америкалық күштердің басым бөлігін алмастыру үшін араб күштерін құруды көздеп, БАӘ мен Сауд Арабиясының басшыларынан миллиардтаған доллармен осы коалицияға қатысып, өз күштерін Сирияға жіберуді сұрады. Бұл өтініш ауқымды реакцияларға ұшырады.

 

 

Тегтер