Макрон: Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы ықтимал
(last modified Thu, 26 Apr 2018 08:17:16 GMT )
Сәу 26, 2018 14:17 Asia/Almaty
  • Макрон: Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы ықтимал

Франция Президенті Эммануэль Макрон АҚШ-қа сапарының соңында осы елдің Президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималын айтты.

Франция Президенті сәрсенбі күні  Джордж Вашингтон университеті студенттерінің алдында Трамптың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығу ықтималы туралы: «АҚШ Президенті қандай шешім қабылдайтынын білмеймін. Ол ішкі себептерге байланысты Иранның ядролық келісімінен шығуы ықтимал»,-деді.

Эммануэль Макрон АҚШ Президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын ең нашар келісім санайтынын айтып: «Дональд Трамптың бұл бағдарламадан шығуы – текетіресті күшейту стратегиясының бірі бөлігі. АҚШ Президенті – саудагер адам. Трамп өзі қалайтын шарттар аясында келісім жасауды көздейді»,-деді. 

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйге кіре салысымен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын нашар келісім деп атап, оған өзгеріс енгізуді талап етіп келеді.

 

Тегтер