Ресей "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтаудың маңыздылығын қуаттады
Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Мәскеудің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу ұстанымын тағы қуаттады.
Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков еуропалық әріптестерінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау қажеттігі туралы ұстанымдарынан хабарлары бар екендігін қуаттап: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бұзылатын келісім емес. Егер ол бұзылса, келіссөздерді жалғастырудың мағынасы жоғалады. Бұл халықаралық келісім көптеген талпыныстардың нәтижесі. Сондықтан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы келісім бойынша іске асырылуы керек",- деді.
Бұдан бұрын Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков «Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауды Ресей үшін қажет мәселе деп атаған болатын.