АҚШ пен Ұлыбританияның Йорданиядағы базаларынан Сирия әскерінің базаларына зымырандық шабуыл жасалды
(last modified Mon, 30 Apr 2018 09:56:52 GMT )
Сәу 30, 2018 15:56 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Ұлыбританияның Йорданиядағы базаларынан Сирия әскерінің базаларына зымырандық шабуыл жасалды

Сирияның Tishreen газеті: "Жексенбі күні кешке Сирияның батысындағы Хама мен солтүстігіндегі Алеппо облыстарына жасалған зымырандық шабуыл АҚШ пен Ұлыбританияның Йордания территориясында орналасқан әскери базаларынан 9 баллистикалық зымыран арқылы жасалды",- деп жазды.

IRNА-ның Сирияның Tishreen газетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның Йордания жеріндегі базалары дүйсенбі күні таң сәріде Хама және Алеппо облыстарындағы Сирия әскерінің кейбір әскери позицияларын бірнеше зымыран арқылы нысанаға алған.

Ақпарат құралдарының мәліметтеріне сәйкес, Алеппо мен Хамаға жасалған зымырандық шабуыл салдарынан 40 адам қаза болып, 60 адам жараланған.

Sky News арнасы Хама төңірегіндегі Сирия әскеріне қарасты бір қару-жарақ қоймасының жарылуына сілтеме жасап: "Әскердің 47-дивизиясының Хамада орналасқан базасы зымырандық шабуылдың нысанасына алынды",- деп хабарлады.

Жергілікті ақпарат көздері де Хаманың батыс бөлігіндегі Салхаб қалашығының айналысында орналасқан сириялық күштердің қару қоймасының ішінде үлкен жарылыстардың орын алғанын хабарлауда.

 

 

 

 

Тегтер