Баку Иранның ядролық құжаттарының Әзірбайжан республикасы арқылы тасымалданғаны туралы хабарды теріске шығарды
(last modified Sat, 05 May 2018 08:22:12 GMT )
Maм 05, 2018 14:22 Asia/Almaty
  • Баку Иранның ядролық құжаттарының Әзірбайжан республикасы арқылы тасымалданғаны туралы хабарды теріске шығарды

Әзірбайжан республикасы СІМ-нің ақпарат хатшысы Хикмат Гаджиев жұма күні кешке аймақтағы кейбір ақпарат құралдарының Иранның ядролық бағдарламасы туралы құжаттардың Әзірбайжан республикасы арқылы тасымалданғаны жайлы таратқан хабарларын теріске шығарды.

Кувейттің Al-Jazeera газеті жуырда сионистік режимнің тыңшылық ұйымының Иранның ядролық бағдарламасына қатысты құжаттарды 2018 жылдың қаңтар айында шекаралық өткізу пункттері арқылы Әзірбайжан республикасына  жеткізіп, содан соң әуе жолы арқылы басып алынған Палестина жеріне тасымалдағанын жазған болатын.

Сионистік режимнің Премьер‑министрі Беньямин Нетаньяху дүйсенбі күні қолында Иранда жасырын түрде ядролық жұмыстар жүргізіліп жатқанын растайтын құжаттар барын хабарлады.

Нетаньяху күлкілі жарнамалық қойылымын АҚХА осы уақытқа дейін Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін сан рет растаған жағдайда көрсетті.