Ресей «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жоюдың ауыр салдарлары болатынын ескертті
Ресей үкіметі бір мәлімдемесінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының барлық тараптардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін тиімді механизмге ие екенін айтып, бұл келісімді жоюдың ауыр салдарлары болатынын ескертті.
Осы мәлімдеме бойынша, «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасындағы мүдделердің өте нәзік тепе‑теңдігі бұзылатын болса, халықаралық қауіпсіздік пен ядролық қаруларды таратуға тыйым салу жүйесіне үлкен зиян келтіріледі. Сондай‑ақ, бұл ядролық келісімнің ешбір дәлелсіз әрі әлемдік қауымдастықтың еркіне қайшы жойылуы Корей түбегіндегі ядролық мәселені шешуге бағытталған талпыныстарға кері әсер етеді.
Ресейдің «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын сақтап қалуды қайта қуаттауы АҚШ одан шығуға және осы салада сылтау ізгеуге талпыныстарын арттырған жағдайда айтылып отыр. Мәскеудің көзқарасы бойынша, «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы халықаралық келісім ретінде оны орындаудан көзделген мақсаттарды кепілдендіреді, егер АҚШ тарапынан бұл келісім жойылатын болса, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке ауыр салдар келтіретіні анық. Шын мәнінде, ресейліктердің пайымдауынша, «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы сияқты келісім АҚШ Президенті Дональд Трамп тарапынан оңай бұзылып жатса, бұдан былай Солтүстік Кореямен ядролық келіссөздер сияқты мәселелерде келісімге келген жағдайдың өзінде қарсы тараптардың, әсіресе АҚШ‑тың оған берік болып қалатындығына ешқандай кепілдік жоқ. Иран «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасында белгіленген өзінің барлық міндеттемелерін толығымен орындады. АҚХА мен «алтылық» елдеріндегі АҚШ‑тың еуропалық серіктестері де мұны растап отыр.
Бұл мәселе халықаралық сахнада сенімсіздік пен тұрақсыздықтың туындауына соқтырып, әлемді бейберекеттікке қарай итермелейді. Осындай жайттар ресейліктерді «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына берік болуды қуаттап, одан шығудың теріс салдарлары жайлы ескерту жасауына себеп болды. Ресей СІМ‑нің Қарулардың таралмауын қадағалау бөлімінің басшысы Владимир Ермаков АҚШ‑тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығуының Вашингтонның жағдайына теріс әсерін ететінін айтып: «Бұл аталмыш бағдарламаны бұзу болып табылады. Біз бұл ядролық келісімді орындауды жалғастыра береміз»,‑деді. «Алтылық» елдеріне мүше еуропалық үш ел – Германия, Франция мен Ұлыбритания қазіргі таңда «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы ие деп айтылған нұқсандарды жою аясында АҚШ‑қа Иранның зымырандық бағдарламасы мен аймақтық саясаттарын сылтауратып, бұл елге қарсы жаңа шаралар атқаруға келісу сияқты жаңа ұсыныс жасап, Трампты осы бағдарламада қалуға көндіруге талпынып жатыр. Еуропалықтар, сондай‑ақ, АҚШ «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шыққан жағдайда өзінің Иранмен сауда қатынасын сақтап қалуға бағытталған жоспарын талқылауды бастады. Германия сарапшысы Оливер Мейер «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасының Еуропаның АҚШ‑тың біржақты шаралары алдында өзінің мүдделерін қорғауға дайындығы мен байсалдылығын тексеретін сынаққа айналғанын қуаттады. Еуропалықтардың осы бағдарламаны сақтап қалуға қатысты дәлелдері мен талпыныстары Трампқа әсер етпеген сыңайлы. Шын мәнінде, Трамп бұрынғыдай өзінің осы бағдарламаға қарсы қатынасын сақтап отыр. Ол өзінің соңғы ұстанымында тағы да Иранның ядролық бағдарламасын өте апатты деп атап, АҚШ‑тың бұрынғы үкіметіндегі басшыларды, соның ішінде осы елдің бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керриді ядролық келіссөздерді жүргізгені үшін сынады. Трамп шамамен 8 күннен кейін «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасында қалу‑қалмау туралы шешім қабылдайды деп күтіліп отыр. АҚШ осы бағдарламадан шыққан жағдайда бұл тек Вашингтонның халықаралық сахнадағы жағдайы мен беделінің одан ары төмендеуіне себеп болып қана қоймайды, сонымен қатар әлем елдерінің халықаралық келісімдер аясындағы өз міндеттемелеріне берік болуы деген негізгі принципке күмән тудыратын болады.