Maм 05, 2018 23:29 Asia/Almaty
  • Америка Сирияның күрдтеріне тағы қару жіберді

Америка жұма күні Сирияның демократиялық күштеріне қолдау көрсетіп, осы елдің солтүстік-шығысындағы Хасеке облысына қару жіберді.

ИРНА-ның мәліметіне сәйкес, Америка бұл қару-жарақты он контейнермен Тел-Бидер гарнизонына жіберген.  

Сирияның халықтық қорғаушы бірліктеріне қарасты Тель-Бидер жаттығу гарнизоны Хасакенің батысында орналасқан.

Америка мұның алдында да Сирияның күрд халықтық қорғаушыларының бірліктері үшін сан рет қару жіберген болатын.

Бұдан бір күн бұрын да оның көбісі Сауд Арабиясының сыйлығы болған қару тиелімі Манбидждағы Сирия күрдтеріне жіберілді.

Сирияның халықтық қорғаушы бірліктері Америка мен одақтастарының қолдауына ие.

 

Тегтер