Помпео: Еуропа "Ортақ қадамға" өзгеріс енгізуге келіспеді
(last modified Mon, 14 May 2018 12:09:19 GMT )
Maм 14, 2018 18:09 Asia/Almaty
  • Помпео: Еуропа

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы өз елінің Еуропаны "Ортақ қадамға" қатысты қолдауда сәтсіздікке ұшырағанын мойындап: "Еуропалықтар бұл келісімге өзгеріс енгізуге келіспеді. Бірақ біздің әлі де үмітіміз бар",-деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жексенбі күні CBS телеарнасына берген сұхбатында Еуропамен "Ортақ қадамға" қатысты келісімге келу үшін жасаған талпыныстары жайлы: "Еуропалықтардың 90 күнге жуық уақыты болды. Алайда олар бұл келісімге өзгеріс енгізуге келіспеді.

Вашингтон еуропалықтарды бұдан да үлкен келісімге көндіре алу үшін алдағы апталарда бұл мәселеге шындап кіріседі",- деп баса айтты.

АҚШ Мемелкеттік хатшысы араласушылық сипатты сөзінің жалғасында Теһраннан Иранда тыңшылық сипаттағы және қауіпсіздік саласында қылмыс жасап, бас бостандығынан айрылған америкалық немесе еуропалық азаматтығы бар адамдарды босатып, өз елдеріне қайтаруды сұрады.