Зариф: Брюссель отырысы маңызды саяси жолдауға ие
(last modified Wed, 16 May 2018 19:30:57 GMT )
Maм 17, 2018 01:30 Asia/Almaty
  • Зариф: Брюссель отырысы маңызды саяси жолдауға ие

Иран Сыртқы істер министрі Еуроодақтың Сыртқы саясат басшысы мен Ұлыбритания, Германия мен Франция Сыртқы істер министрлері қатысқан Брюссель отырысының маңызды саяси жолдауға ие екенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Брюссельден Теһранға қайтар жолда тілшілерге берген сұхбатта: "Еуропалықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін атқарылуы тиіс шаралардың тізімін дайындады. Осы тізім негізінде Иран мүдделерінің қаншалықты кепілдендірілетінін байқауға болады.

Егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жалғасатын болса, Брюссель отырысы бастама ретінде жасалған тиімді қадам болып, маңызды саяси жолдау жіберді",-деп қуаттады. 

Иранның Сыртқы істер министрі еуропалықтардың бүгін басшылар саммитын өткізетінін, қарастырылатын тақырыптардың бірінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы болатынын, келесі аптадан бастап Еуропада мамандардың шағын жиналыстары басталатынын мәлімдеп:

"Келесі жұмада "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының отырысы АҚШ-тан басқа 5 ел – Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей мен Қытайдың қатысуымен өткізілетін болады. Ортақ комиссияның механизмі осылайша іске қосылады",-деді.

 

Тегтер