АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары жалғасуда
(last modified Wed, 16 May 2018 19:35:08 GMT )
Maм 17, 2018 01:35 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары жалғасуда

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерін жалғастырып, бір ұйым мен төрт адамды санкциялардың тізіміне енгізді.

"Спутник" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан бергі ирандықтарға қарсы санкциялардың екінші кезеңінде ИИР Орталық банкінің басшысы Валиолла Сейфті санкциялық тізімге енгізді.

Валиолла Сейфпен бірге бұл тізімге Әли  Тарзали,  сондай-ақ, ирактық және ливандық азаматтар Хабиб Карим мен Мұхаммад Қайсардың есімдері енгізілді. Мұхаммад Қайсар – санкцияға ілінген ирактық "Әл-Балад" банкінің басшысы.