Еуропаның 28 елі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға келісті
(last modified Thu, 17 May 2018 08:52:04 GMT )
Maм 17, 2018 14:52 Asia/Almaty
  • Еуропаның 28 елі

Еуроодаққа мүше 28 елдің басшылары Иранның ядролық бағдарламасын сақтап қалу үшін бірыңғай қатынас көрсетуге келісті.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуроодаққа мүше 28 елдің басшылары сәрсенбі күні Болгарияның астанасы София қаласында өткен отырыста 2015 жылы Венада қол қойылған Иранның ядролық бағдарламасын құтқару үшін оны бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.

Бір еуропалық дереккөзі Еуроодаққа мүше 28 ел Иранның ядролық бағдарламасын сақтап қалу үшін бірыңғай қатынас көрсететін болғанын хабарлады.  

Еуропа кеңесінің басшысы Дональд Туск та Дональд Трамптың әрекетінің нәпсіқұмарлық болғанын айтып: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін  Еуропа елдері арасында осы шешімге қарсы тұрып, наразылық білдіру қажеттігі туындады. Еуропалықтар Трампқа рахмет айтуы керек. АҚШ Президентінің арқасында Еуропа бос қиялдан арылды",-деді.

 

Тегтер