FIFA Руханиді «Ресей-2018» әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысуға шақырды
Халықаралық футбол федерациясының басшысы хат жолдап, ресми түрде ИИР-ның президенті Хасан Руханиді «Ресей-2018» футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысуға шақырды.
IRNА-ның сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Халықаралық Футбол Федерациясының басшысы Джанни Инфантиноның Хасан Руханиге жолдаған шақыру хатында былай деп жазылған:
«Футбол адамдарды біріктіріп, барлық мәдени және әлеуметтік қоршауларды бұзатын бірегей құдіретке ие. 2018 жылғы Әлем чемпионатының мейрам мен бірліктің мекені болатындығы шәксіз».
2018 жылғы Әлем чемпионаты маусым айының он төртінде басталып, шілде айының он бесіне дейін Ресейде өтеді. Иранның ұлттық командасы әлемдік чемпионатта Испания, Португалия және Мароккомен бір топта болады.