Бензин бағасының көтерілуі – Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуының салдары
https://itolqyn.com/news/world-i37270
Демократ сенатор Чак Шумер Конгресте сөйлеген сөзінде Трамптың салық заңы мен «Ортақ қадам» ядролық келісімінен шығуға шешім қабылдауын бензин бағасының көтерілуі мен АҚШ қоғамына экономикалық қысымның артуына соқтырды деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 26, 2018 08:49 Asia/Almaty
  • Бензин бағасының көтерілуі – Трамптың

Демократ сенатор Чак Шумер Конгресте сөйлеген сөзінде Трамптың салық заңы мен «Ортақ қадам» ядролық келісімінен шығуға шешім қабылдауын бензин бағасының көтерілуі мен АҚШ қоғамына экономикалық қысымның артуына соқтырды деп атады.

Егер Трамптың салық бағдарламасы жұмысшылардың отбасыларына аздап пайдалы болғанымен бензин бағасының көтерілуімен бұл пайданың әсері байқалмайды. Салықты азайту Трампқа жақын мұнай компанияларына көмектеседі. Бірақ, АҚШ-тың орта таптары шығын көретін болады.

Дональд Трамптың экономикалық және халықаралық саясаттары көбінесе АҚШ-қа зиян келтіруде. Сарапшылардың пікірінше, Трамптың Иранға қарсы санкция салуы мұнай бағасының артуына себеп болады. Мұнайдың бағасы қазір көтерілуде. Экономика саласындағы мамандар АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, мұнай бағасын көтеріп, Американың орта табына қарсы экономикалық қысымды күшейтудің орнына мұнай бағасын төмендетуге талпынуы керек деп санайды. Сол себепті Конгрестің кейбір өкілдері АҚШ Президентін ОПЕК және Ресеймен келіссөздер өткізуге мәжбүрлегісі келеді. Сөйтіп, мұнай шығаратын мөлшерді азайту заңының күшін жоюды көздеуде.

АҚШ үкіметінің экономикалық және халықаралық саясаттары бұл ел бюджетінің бұрын-соңды болмаған тапшылыққа кезігуіне себеп болды. Американың экономистері АҚШ-тың федералды бюджеті 2021 жылға дейін 825 миллиард доллардан  бір трилллион 250 миллиард долларға жетеді деп топшылауда.

АҚШ-тың статистикасын тіркейтін Конгрестің бюджет кеңсесі егер Конгресс салықтарды азайтуды созатын болса, Американың қарызы он жылдың ішінде шығаратын ішкі өнім мөлшеріне теңеледі деген болжам айтуда. Америка Екінші Дүниежүізілік соғыс кезеңінен бері бұл мөлшерге жетпеген болатын. Америкалық Goldman Sachs инвестициялық банк АҚШ-тың салық келешегінің жақсы емес екенін, сондай-ақ, мұндай жағдайдың бұл елдің келешектегі экономикалық қауіпсіздігіне қоқан-лоққы болуы мүмкін екендігі туралы ескерту жасады.

Goldman Sachs-тың экономикалық эксперті Ян Хациус бюджет тапшылығы мен қарыздың артуы Американың экономикасына үлкен кедергі болуы мүмкін екендігін айтты.

Америкалық эксперттер мен банктердің бұл елдің экономикалық жағдайы туралы ескертулеріне осы кезге дейін Ақ үй немқұрайдылық танытуда. АҚШ Президентінің өткен бір жарым жылғы іс-әрекеттеріне шолу жасау оның ескертулерге көңіл бөлмейтінін көрсетеді. Мұндай жағдайда Американың орта табы үлкен компаниялардың құрбаны болып, бұл тапқа деген қысым күннен күнге арта түседі.