Могерини: «Ортақ қадам» келісімін сақтап, Иранмен ынтымақтастықты жалғастыру – бүгінгі отырыстың басты тақырыбы
(last modified Mon, 28 May 2018 15:55:35 GMT )
Maм 28, 2018 21:55 Asia/Almaty
  • Могерини: «Ортақ қадам» келісімін сақтап, Иранмен ынтымақтастықты жалғастыру – бүгінгі отырыстың басты тақырыбы

Еуропа Одағының Сыртқы саясат басшысы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтауды бүгінгі келіссөздердегі күн тәртібінің маңызды мәселелерінің бірі деп атады.

IRNА-ның мәліметіне сәйкес, Еуропа Одағының Сыртқы саясат басшысы Федерика Могерини Брюссельдегі Сыртқы Істер Министрлері отырысының басында сөйлеген сөзінде Еуропа Одағы СІМ кеңесінің бүгін дүйсенбі күнгі отырысының жұмыс тәртібіндегі бірінші әрі маңызды тақырыпты «Ортақ қадам» келісімін сақтау деп атап, Еуропа Одағының аталмыш келісім мен Еуропа тарапынан экономикалық инвестиция салу үдерісі сақталып, әлемдік деңгейде қолдауға ие болуы үшін дайындық шараларын жүзеге асырып жатқанын айтты.

Могерини, сонымен қатар Еуропа Одағының соңғы апталарда ирандық жауапты тұлғалармен бірге Франция мен Ұлыбритания, Германия басшылары мен басқа да халықаралық тараптармен еуропалық елдер арқылы Еуропа Одағының шешімдері қабылданып, айқын айтылуы үшін көп талпыныс жасағанын айтып, одақтың өзінің инвестицияларын қолдайтын механизмге ие екенін айтты.

 

Тегтер