Саудиялықтар Франция президентінің «Саад Харири Арабстанда қамауда болған» деген сөзіне ашуланды
Франция президенті Эмманюэль Макронның Ливан премьер-министрінің Арабстанда бірнеше апта қамауда болғаны туралы жуырдағы сөздері саудиялықтардың ашуын тудырды.
Арабстанның мемлекеттік хабар агенттігі сейсенбі күні Арабстан СІМ-не сілтеме жасап, Макронның Саад ал-Хариридің қамауда болғаны туралы сөзін бұрыс деп атап: «Рияд әрдайым бар мүмкіндігімен Ливанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қорғап келді» деген уәж айтты.
Ливанның премьер-министрі Саад Харири 2017 жылдың қараша айының төрті күні Сауд Арабиясының қысымымен Риядта Ливан премьер-министрлігі лауазымынан отставкаға кететінін жариялаған болатын. Харири Францияның арағайындығымен Риядтан Парижке кетіп, кейін еліне оралған соң отставкадан бас тартты. Франция президенті Эмманюэль Макрон дүйсенбі күні өз елінің 2017 жылы Ливан мен Арабстан дағдарысын шешудегі рөліне тоқталып: «Ливан премьер-министрі бірнеше апта бойы Арабстанда қамауда жатты» деді.