АҚШ Еуроодақ, Канада мен Мексикаға алюминий мен болатқа қатысты тариф салды
(last modified Fri, 01 Jun 2018 13:35:58 GMT )
Маусым 01, 2018 19:35 Asia/Almaty
  • АҚШ Еуроодақ, Канада мен Мексикаға алюминий мен болатқа қатысты тариф салды

АҚШ-тың Сауда министрі АҚШ-тың Еуроодақ, Канада мен Мексикаға алюминий мен болатқа қатысты тариф салғанын хабарлады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Сауда министрі Уилбор Росс бейсенбі күні АҚШ-тың Еуроодақ, Канада мен Мексиканың алюминийі мен болатына қатысты салған тарифтерінің жергілікті уақыт бойынша жұма күні таңертең іске қосылатынын мәлімдеп, Еуроодақ, Канада мен Мексиканың болатқа 25 пайыздық, алюминийге 10 пайыздық тариф төлеуі керектігін айтты.

АҚШ үкіметінің алюминий мен болат тарифтеріне қатысты бағдарламасының орындалуы еуропалықтардың теріс реакциясына ұшырады.

Еуропа комиссиясының басшысы Жан Клод Юнкер АҚШ-тың алюминий мен болатқа тариф белгілеуін қабылдауға келмейді деп атады.

Ұлыбритания үкіметі де АҚШ-тың алюминий мен болат тарифтеріне қатысты өзінің қатты наразылығын білдірді.  

Еуроодақтың сауда комиссары Сесилия Малмстром АҚШ-тың кедендік тарифтеріне реакциясында Еуроодақтың жауабының Дүниежүзілік сауда ұйымының заңдарына сәйкес болатынын хабарлады.