Әзірбайжан Президенті Иранмен қарым-қатынастарын дамытуды қуаттады
(last modified Tue, 05 Jun 2018 13:14:39 GMT )
Маусым 05, 2018 19:14 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан Президенті Иранмен қарым-қатынастарын дамытуды қуаттады

Әзірбайжан Президенті Иран мен Әзірбайжанның екіжақты қарым-қатынастарын дамыту жігеріне ие екендіктерін қуаттады.

Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиев Иран Президенті кеңсесінің басшысы Махмуд Ваезимен Бакудегі кездесуінде Иран мен Әзірбайжанның екіжақты қарым-қатынастарын жылдам ілгерілету бойынша саяси жігерге ие екенін айтты.

Илхам Әлиев Баку мен Теһранның екіжақты қарым-қатынастарының жоғары деңгейіне тоқталып, Иран Президенті Хасан Руханидің осыдан біраз уақыт бұрынғы Әзірбайжан сапарын еске салып: «Бұл сапар екі ел үшін көптеген жетістіктерге ие болды. Екі елдің қарым-қатынастары жаңа кезеңге еніп, Иран мен Әзірбайжан талпыныстарының арқасында шешілмеген мәселелер шешілді. Бұл екі елдің өзара қарым-қатынастарын дамытуды жылдамдату саласындағы саяси ерік жігерін көрсетеді»,- деді.