Маусым 08, 2018 20:43 Asia/Almaty
  • Гватемаладағы жанартаудың атқылауы салдарынан 100-ге жуық адам қаза тапты

Гватемаладағы жанартаудың атқылауы салдарынан қаза болғандардың саны шамамен 100 адамға артты.

Гватемаладағы ресми ақпарат көздері Гватемаланың оңтүстігінде орналасқан Фуего жанартауының атқылауы салдарынан жапа шеккен құрбандар санының 99 адамға жеткенін мәлімдеді. Гватемала басшылары сейсенбі күні кешке Фуего жанартауының атқылауынан 75 адам қаза болып, 192 адам жараланды деп хабарлаған болатын.

Гватемала басшыларының мәлімдеуіне сәйкес, Гватемала қаласының оңтүстік-шығысынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан Фуего жанартауының атқылауы халықаралық әуежайдың жұмысын тоқтатып, мыңдаған адамды бұл аймақтан көшіруге соқтырып, шамамен 1 миллион 700 000 адамның өміріне теріс әсер етті.

 

 

Тегтер