АҚШ-тың санкциялары – "экономикалық лаңкестіктің" көрінісі
(last modified Sat, 09 Jun 2018 10:36:57 GMT )
Маусым 09, 2018 16:36 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың санкциялары –

Бұрынғы санкцияларды қайта күшіне енгізіп, санкцияларды арттыру мен Иранға қарсы экономикалық соғысты күшейтуге бағытталған бірыңғай майдан құру үшін талпыныс жасау АҚШ-тың өзгермейтін саясатына айналған. Алайда бұл саясат негізінде, "экономикалық лаңкестік" болып табылады.

Өзінің үстемшіл мақсаттарына жету үшін әскери гегемонияны бірнеше рет пайдаланған АҚШ үкіметі өзінің экономикалық күш-қуатын да пайдаланып, біржақты санкциялар арқылы әлемге билік орнатуды көздеп отыр.

АҚШ үкіметі "экономикалық лаңкес" ретінде әлемнің басқа мемлекеттері мен компанияларына қарсы санкция жариялап, олардың АҚШ-тың біржақты саясаттарына бағынуы үшін қоқан-лоққы жасау арқылы АҚШ-тың күш көрсету әрекеттерінің алдында берілуі үшін әлемдік қауымдастықты қыспаққа алып отыр.

АҚШ Қаржы министрінің орынбасары Сигал Манделкер маусымның бесі күні Демократияны қорғау қорында сөйлеген сөзінде одақтастарының Иранмен экономикалық байланыстарына қатысты ескерту жасап: "Иранда жұмыс жасап жатқан компаниялар айтарлықтай маңызды қатермен бетпе-бет келіп отыр",- деді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң өзін әлемдегі ірі экономикалық-өнеркәсіптік полюс деп атаған Америка Құрама Штаттары экономикалық қуатты АҚШ-қа қарсы мемлекеттерді әлсіретіп, тіпті оларды жою құралына айналдыруға талпынды.

АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісіміне қарсы әрекеті де дәл осы саясаттың бір мысалы, сондай-ақ, АҚШ үкіметі мен Трамп тарапынан жүзеге асырылған міндеттемені орындамау, келісімді бұзу мен халықаралық заңдар мен ережелерді ашық түрде бұзу саналады.

Экономика ғылымдарының ұстазы Насер Санубар бұл мәселе жөнінде былай дейді: "Экономикалық қару лаңкестік сипаттағы құралға айналған. Оны өздерін бұқаралық ақпарат құралдарында лаңкестікпен күресуші деп атайтын адамдар пайдалануда".

"Лаңкестік экономикасы" атты кітатың авторы италялық жазушы Лорета Наполеони үш жыл бұрын мынадай теорияны ұсынған болатын: Бүгінгі таңда лаңкестік үстемшіл мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдаланатын үстемшіл жүйенің, әсіресе АҚШ-тың қолындағы қаруға айналған.

АҚШ Бреттон-Вудс конференциясы, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Дүниежүзілік банк секілді халықаралық ұйымдар мен мекемелер құру арқылы және сауда-экономикалық тауар алмасуды пайдаланып, доллар бағамында ауытқу тудыру арқылы халықаралық экономика жүйесінде тәртіпсіздік тудырып, осы құралдарды қолдану арқылы өз саясатына қарсы елдерді экономикалық қарудың көмегімен тізе бүктіруге талпыныс жасауда.

АҚШ үкіметі "экономикалық лаңкес" ретінде өзінің күш көрсетушіліктерінің алдында берілуі үшін Иранды да дәл осындай әдіспен қыспаққа алуға талпыныс жасап жатыр.

Алайда Иран халқы өткен 40 жылдың ішінде АҚШ-тың санкциялары мен зорлық әрекеттерінен мүлдем қорықпай, АҚШ-тың зорлық-зомбылығы мен санкциялары алдында қол қусырып қалған емес.