Теһран Исламабадпен байланысты кеңейтуді қолдайды
ИИР-ның президенті Теһранның Исламабадпен байланыстарды кеңейтуді қолдайтынын, қолда бар әлеуеттер мен екіжақты байланыстар деңгейін, әсіресе экономика саласындағы байланыстарды бұрынғыдан бетер арттыру қажеттігін қуаттады.
Хасан Рухани сенбі күні Қытайда өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 18-ші саммиты аясында Пәкістан президенті Мамнун Хусейнмен кездесуде Пәкістанның аталмыш ұйымға мүшелігіне ризалық танытып, Теһранның Исламабадтың осы ұйымдағы әсерлі рөлін қолдайтынын айтты.
Рухани Иранның Пәкістанды аймақтағы маңызды мемлекет деп атап, Иранның Пәкістанды қуатпен қамтамасыз етуде сенімді қор бола алатынын мәлімдеді.
Мамнун Хусейн да кездесуде Пәкістанның әрдайым Иранның қасынан табылатынын, өзара серіктестік пен қолда бар әлеуеттерді пайдаланып, барлық кедергілерді, соның ішінде тарифтік кедергілерді жойып, екі елдің сауда айналымының деңгейін бұрынғыдан бетер арттыруға болатынын мәлімдеді.
Мамнун Хусейн сонымен қатар Пәкістанның Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүшелікке өтуін қолдайтынын тағы мәлімдеп, Иранның неғұрлым жылдам осы ұйымның тұрақты мүшелерінің қатарына қосылуына үміт білдірді.