Рухани: Қауіпсіз, тұрақты Ауғанстан – аймақ дамуының кепілі
https://itolqyn.com/news/world-i37648
Иран Президенті Ауғанстан басшысымен кездесуінде Теһранның əрдайым осы елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтылықтың сақталуын қолдайтынын айтып, қауіпсіз, тұрақты Ауғанстанды аймақтың дамуы пен қауіпсіздігінің кепілі деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 10, 2018 13:50 Asia/Almaty

Иран Президенті Ауғанстан басшысымен кездесуінде Теһранның əрдайым осы елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтылықтың сақталуын қолдайтынын айтып, қауіпсіз, тұрақты Ауғанстанды аймақтың дамуы пен қауіпсіздігінің кепілі деп атады.

Хасан Рухани сенбі күні Бейжіңде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының отырысы аясында Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен кездесіп, оның елде атысты тоқтату бітімін жариялау туралы бастама көтергенін қолдап, ел ішінде диалог өткізілгеннен кейін Ауғанстанда даму мен тұрақтылықтың күшейетіндігіне үміт білдірді.

Рухани есірткі заттарын өндіру және контрабандалаумен, сондай-ақ лаңкестік топтармен күресу қажеттігін қуаттап: "Өзара және аймақтағы басқа елдермен әріптесе отырып, есірткі заттарының өндірісі мен контрабанда және лаңкестік топтармен күресу қажет",-деді.

Ашраф Ғани да кездесуде Ауғанстанның Иранмен ынтымақтастығын дамытып, жалғастыруды өзінің ұлттық мүдделеріне сай санайтынын, екі елдің жалпы ынтымақтастық құжатын дайындауды жылдамырақ аяқтау қажеттігі мен экономикалық қарым-қатынастарының бұрынғыдай қарқынды түрде жалғаса беруіне мүдделік танытты.