Иран мен Беларусь басшылары екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады
ИИР Президенті өзінің беларусь әріптесімен кездесуінде екі ел ие әлеуеттер мен мүмкіндіктерді өзара қарым-қатынасты барлық салаларда тереңдету үшін пайдалану керектігін баса айтты.
Иран Президенті Хасан Рухани сенбі күні Қытайда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының саммиты аясында Беларусь Президентімен кездесіп, аймақта транзиттік жолдарды нығайту қажеттігіне тоқталып: «"Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі мәселесінде Иран Орта Азия, Кавказ бен Еуропаның оңтүстік шығысындағы елдердің Парсы шығанағы мен оңтүстіктегі суларға қол жеткізуінің ең жақсы бағыты болып табылады",-деді.
Ол АҚШ үкіметінің көптеген халықаралық келісімдерден, соның ішінде Париж келісімі мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына тоқталып: "Әлемдік қауымдастықтың Вашингтонның осындай біржақты әрекеттеріне қарсы тұруы халықаралық заңдар мен құқықтарды қолдау болып табылады",-деді.
Беларусь Президенті де өз елінің Теһранмен қарым-қатынасты дамытуға шешім қабылдағанын, Иранды Беларусь үшін аймақтағы басты серіктес деп атап, Минсктің барлық саяси-экономикалық салаларда Иранмен байланысын одан ары дамытуға мүдделігін мәлімдеді.