Еуропа комиссиясы басшысының орынбасары Трампқа байсалдырақ қарсы тұру қажеттігін қуаттады
Маусым 12, 2018 20:52 Asia/Almaty
Еуропа комиссиясы басшысының орынбасары Еуроодақты АҚШ Президентіне қарсы бұрынғыдан да байсалдырақ әрекет етуге шақырды.
Еуропа комиссиясы басшысының орынбасары Франц Тиммерман Страсбургте Еуропа Парламентінің жалпы отырысында Еуроодақтан АҚШ-тың болжауға келмейтін басшысы Дональд Трамптың алдында бұрынғыдан да байсалдырақ өз тағдырларын қолға алып, осы одақтың қиыншылықтарын жалғыз өзі шешуге шақырды. Тиммерман G7 тобының Канаданың Квебек қаласындағы соңғы отырысына тоқталып: "1945 жылдан бері бірінші рет АҚШ Президенті Еуропаның серпінділігі мен дамуында және Атлант мұхитының екі жағындағылардың қарым-қатынасын одан ары нығайтудағы стратегиялық мүддені байқамады",-деді.