Иран Марокконы 1:0 есебімен жеңді
ИИР-ның ұлттық футбол командасы жұма күні кешке Ресейде өтіп жатқан FIFA-2018 футбол чемпионатындағы өзінің алғашқы ойынында Марокконы жеңді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран мен Марокко футбол командаларының Ресейде өтіп жатқан FIFA-2018 футбол чемпионатының "В" тобындағы кездесуі Теһран уақыты бойынша сағат 19:30-да Санкт-Петербургтегі спорт кешенінде өтті. Иран футболшылары 1:0 есебімен Мароккодан басым түсті.
ИИР Президенті Хасан Рухани Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Жігіттер, ойластырылған ойын және сәтті жеңіспен Иран халқын қуанттыңыздар",-деп жазды.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани да жеңіспен құттықтап: "ИИР перзенттерінің қайраты мен абырой-айбыны әлем халықтарына паш етілді. Барша жұрт Иранның ержүрек жастарының өнеріне тәнті болды",-деді.
Иранның түкпір-түкпіріндегі халық елдің ұлттық футбол командасы әлем чемпионатында Марокконы жеңгеннен кейін көшелерге шығып, қуанышқа бөленді.