ХАМАС Американың Адам құқығы кеңесінен шығуына реакция білдірді
Палестина Исламдық Қарсыласу Қозғалысы (ХАМАС) бүгін сәрсенбі күні Американың БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шыққанын жариялауын осы елдің шапқыншылық әрекеттерін ақтаудағы қауқарсыздығы деп атады.
Ливанның ал-Ахд хабар торабының мәліметі бойынша, ХАМАС қозғалысы сонымен қатар Американың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығуының басқыншы Израиль режимінің халықаралық деңгейдегі оқшаулануының арта түсетіндегіне себеп болатынын да мәлімдеген.
БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттереш те бүгін таңертең Американың Қауіпсіздік Кеңесінен шыққанына өкініш білдірді.
Адам құқығын бақылау ұйымының атқарушы директоры Американың БҰҰ Адам Құқығы кеңесінен шығуын Вашингтонның сионистік режимнің теріс әрекеттерін қорғаудағы біржақты саясаттарының қатарында атап, бұл шешімнің Америка үкіметін әлемнің адам құқығын қорғауға қатысты маңызды бағдарламаларынан шет қалдыратынын айтып: «Трамп Америка бірінші болады деген шешім қабылдады. Бұл БҰҰ-ғы Сириядағы әскери емес азаматтар мен Мьянмадағы діни азшылықтың мәселелеріне көзжұмбайлық таныту дегенді білдіреді» деді.