Шіл 05, 2018 14:35 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ-тың санкциялары халықаралық қылмыс саналады

ИИР президенті АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын халықаралық қылмыс деп атады.

Иран президенті Хасан Рухани Иран мен Аустрия бизнесмендері мен экономикалық сала белсенділерінің бірлеске бизнес форумында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясын Иран халқына қарсы санкция және халықтың өміріне қиындық тудыруы деп атап: "АҚШ үкіметінің бұл әрекеті халықтардың құқықтарына қарсы бағытталған қылмыс, езгі мен басқыншылық саналады",- деп баса айтты.

ИИР президенті Иран мен Аустрияның негізгі келіссөздер Швейцария  мен Аустрияда өткен ядролық келісім мен "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтап қалуға қатысты мықты ерік-жігерлерін қуаттап: "Бүгінде алып державалар адамдарды өздерінің құқықтары мен ұлттық мүдделерінен айырғысы келеді. Сондықтан, үкіметтер заң бұзушылық пен біржақтылыққа қарсы тұрып, олардың қысымдарына мойынсұнбауы керек",- деді.

Иранның Атқарушы билігінің басшысы сауда-саттық пен экономикалық қатынастардың "ұтыс-ұтыс" прниципіне негізделгенін, мемлекеттердің қарым-қатынастарының ортақ мүдделерді қамтамасыз етуі керектігіне баса назар аударды.

 

 

Тегтер