"Ортақ қадамды" жүзеге асыруды жалғастыру барлық тараптардың міндеттемелерге беріктігіне байланысты
ИИР президенті сәрсенбі күні кешке Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) бас директоры Юкия Аманомен Венада кездесуінде АҚХА-ның негізгі міндеті бейбіт сипаттағы технологияларды пайдаланып, халықтардың құқықтарын қорғау болып табылатынын айтып: ""Ортақ қадам" дипломатия мен АҚХА үшін үлкен жетістік болды. Осы жетістіктің одан әрі жалғасуы барлық тараптардың өз міндеттемелеріне берік болуына байланысты",- деді.
Иран президенті аппаратының ақпарат тарату торабының хабарлауынша, Хасан Рухани егер Иран халқының "Ортақ қадамға" сәйкес құқықтары қамтамасыз етілмесе, Иранның "Ортақ қадамда" қалуына ешқандай себеп қалмайтынын баса айтып: "Иранның ядролық саладағы белсенділіктері әрдайым бейбіт сипатта болған және солай қалады. Бірақ, Иран АҚХА-мен ынтымақтастық деңгейі жайлы шешім қабылдауы тиіс. Иран мен АҚХА арасындағы ынтымақтастықтардың жағдайы мен деңгейін өзгерту жауапкершілігі жаңа жағдайды жасайтын адамдардың мойнында болады",- деді.
АҚХА бас директоры бұл кездесуде "Ортақ қадамды" халықаралық дипломатия мен технологияның өте үлкен жетістігі деп атап: "АҚХА өзінің тексерулерінде Иранның "Ортақ қадам" негізіндегі міндеттемелерін толық жүзеге асырғанын бірнеше мәрте растады",- деді.
Амано сондай-ақ, Иранның АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" біржақты түрде шығуына шыдамдылық танытқаны үшін алғыс білдірді.