Ақ үй басқа мемлекеттердің Иранға қарсы санкция салу қажеттіліктерінен кейін шегінді
(last modified Wed, 11 Jul 2018 10:42:38 GMT )
Шіл 11, 2018 16:42 Asia/Almaty
  • Ақ үй басқа мемлекеттердің Иранға қарсы санкция салу  қажеттіліктерінен кейін шегінді

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Вашингтонның кейбір елдердің Иранға қарсы санкция салмау туралы өтініштерін қарастыратынын мәлімдеді.

"Рейтерс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мемлекеттердің аттарын атамай, Вашингтонның кейбір мемлекеттердің қараша айынан бастап Иранның мұнай экспортына тыйым салатын санкциялардан босату туралы сұраныстарын назарға алатынын айтты.

Осыдан бұрын АҚШ Мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды қайраткерлерінің бірі Дональд Трамп үкіметінің Ираннан мұнай алатын кейбір мемлекеттерді кейбір жайттардан босататынын жариялады.