Иран Әзірбайжан республикасында медициналық қызмет көрсетуге әзір
https://itolqyn.com/news/world-i38237-Иран_Әзірбайжан_республикасында_медициналық_қызмет_көрсетуге_әзір
Иранның Денсаулық, дәрмен және медициналық білім министрі ирандық мамандардың Әзірбайжан республикасында диагностика мен емдеу бойынша қызмет көрсеуге әзір екенін мәлімдеді
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 13, 2018 09:16 Asia/Almaty
  • Иран Әзірбайжан республикасында медициналық қызмет көрсетуге әзір

Иранның Денсаулық, дәрмен және медициналық білім министрі ирандық мамандардың Әзірбайжан республикасында диагностика мен емдеу бойынша қызмет көрсеуге әзір екенін мәлімдеді

Иранның Денсаулық, дәрмен және медициналық білім министрі Хасан Ғазизаде Һашеми бейсенбі күні Әзірбайжан республикасының астанасы Бакуде тілшілерге берген сұхбатта екі елдің байланыстарын ежелгі деп атап, екі ел басшыларының кездесуінен кейін денсаулық сақтау саласында ортақ серіктесіктерді арттыру үшін шынайы ерік-жігердің бар екендігін мәлімдеді.

Иранның Денсаулық, дәрмен және медициналық білім министрі Теһран-Бакудің дәрі-дәрмек, диагностика, емдеу салаларындағы әріптестіктеріне тоқталып, Әзірбайжан республикасына жасаған сапарында осы елдің жоғары деңгейлі басшыларымен екі жақты ынтымақтастықтарды әсіресе денсаулық сақтау және емдеу бойынша арттыру туралы сөйлесетіндіктерін айтты.