Велаяти: Иранның аймақтағы стратегиялық саясаты өзгермейді
(last modified Wed, 18 Jul 2018 16:23:00 GMT )
Шіл 18, 2018 22:23 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иранның аймақтағы стратегиялық саясаты өзгермейді

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Иранның аймақтағы стратегиялық саясатының өзгермейтінін айтып: «Иран Сирия мен Ирактың шақыруымен осы елдерге барғандай Йеменге де көмектесе алады» деді.

Али Акбар Велаяти өткен аптада Ресей басшыларымен кездесу үшін Мәскеуде RT телеарнасына берген сұхбатта Ресей сапарының сионистік режим премьер-министрінің жуырдағы Мәскеу сапарымен еш байланысы жоқтығын айтып, егер Иран мен Ресей Сириядан шығатын болса, Америка мен сионистік режимнің сол елдегі лаңкестік топтарды қолдауын жалғастыратынын қуаттады. Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Иранның тек Дамасктің сұрауымен ғана Сириядан шығатынын айтып: «Иран мен Ресейдің Сирия мәселесі бойынша көзқарас қайшылығы мен жеке дара ұстанымға ие болуы қалыпты жағдай.

Бірақ,  Иран мен Ресейдің Сирия тақырыбы бойынша ортақтастықтары мен ыгтымақтастықтары да өте көп. Иранның Сириядағы құзыры Америка мен батыс елдеріне немесе аймақтың кейбір елдеріне еш қатысты жоқ. Иран Сирияның аумақтық тұтастығы мен үкіметі және халқын қолдайды» деді.   

 

Тегтер