Лаңкестікті қолдап отырған елдер оларды қайта жандандыруды көздеп отыр
(last modified Thu, 26 Jul 2018 07:02:42 GMT )
Шіл 26, 2018 13:02 Asia/Almaty
  • Лаңкестікті қолдап отырған елдер оларды қайта жандандыруды көздеп отыр

Сирия Президенті Башар Асад Дамаскта РФ Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьевпен кездесуінде сәрсенбі күні таңертең ДАИШ лаңкестік тобы мүшелерінің Сирияның оңтүстігіндегі әс-Сувайда облысында жасаған лаңкестік шабуылы мен соның салдарынан 215 сириялық азаматтың қаза болғанына тоқталып:

«Бұл қылмыс лаңкестікті қолдап отырған елдердің лаңкестік топтарды қайта жандандыруға күш салып, оларды өздерінің саяси мақсаттарына жету құралы ретінде пайдалануды көздеп отырғанын көрсетті»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Путиннің өкілі де кездесуде шабуылды айыптап: «Мұндай шауылдар Сирия үкіметінің лаңкестікпен күрес үшін таңдаған жолының дұрыс екенін көрсетеді»,-деді.

Башар Асад пен Лаврентьев, сондай-ақ, келесі аптада Сочи қаласында өтетін Астана келіссөздерінің оныншы кезеңіне дайындық жайлы сұхбаттасты.