Лавров АҚШ-қа ескерту жасады
Шіл 31, 2018 13:36 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбі күні АҚШ-қа бұл елдің Ресей өндіретін қаруларды сатып алушыларға қысымдары туралы ескерту жасап: «Мұндай қатынас түйткілге жағдай жасайды»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі Лавров Түркияның Мәскеуден С-400 зымырандық қорғаныс кешенін сатып алуға ынталы екендігіне тоқталып, АҚШ-тың Ресейден әскери қару‑жарақ сатып алуды қалайтын елдерге қысым көрсетуге талпыныс жасап жатқанын сынап: «Индонезия, Түркия мен Үндістан сияқты елдер өздерінің сауда құқығын оларға ескерту мен қоқан‑лоққы жасайтын адамдардың қолына беруге келіспейді»,-деді.
Тегтер