АҚШ-тың адам құқығы туралы уәждері – Ираннан үркіту саясатының жалғасы
Адамның ең қарапайым құқықтарын бұзатындар мен АҚШ-тың басқа елдер жайлы біржақты сын айтатын жөні жоқ.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні АҚШ-та «Діни азаттық» форумына қатысқан елдер Сыртқы істер министрлерінің Иранға қарсы жуырдағы мәлімдемесін айыптап: «Иран тарихы әртүрлі дін өкілдерінің бір-бірінің жанында тату әрі бейбіт өмір сүргенін дәлелдейтін айғақтарға толы. Қазір де бүкіл илаһи діндердің өкілдері Иранда барлық азаматтық құқықтарға ие болумен қатар, Ислам Кеңесі Мәжілісі мен басқа да сайланатын органдарда белсенді жұмыс істеп жатыр»,-деді.
Вашингтон 24-26 шілде аралығында «Діни азаттық» атты форум аясында әлемнің кейбір елдері мен режимдерінің Сыртқы істер министрлерінің басын қосты. Форумда өздерін халықаралық қауымдастықтың өкілдеріміз деп санайтын бірнеше ел мен режим қорытынды мәлімдеме жасап, Иранға қарсы қасақана уәж айтты.
Осындай жағдайда Иран Конституциясының 13,15 және 19-баптарында азшылық топтардың құқықтарын сақтауға бағытталған тиісті жайттар қарастырылған.
ИИР Конституциясының 13-бабында діни азшылықтар жайлы былай деп қуатталған: «Ирандық зәртуштер мен яһудилер және мәсихилер заң аясында өздерінің діни рәсімдерін орындауға ерікті діни азшылықтар болып танылады. Олар жеке өмірде және діни тағылымдарда өздерінің діни дәстүрлеріне сәйкес әрекет ете алады».
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи х.ш.ж.с.б.1397 жылдың бірінші күні имам Реза кесенесіне жиналған зияратшылар мен жолаушылардың алдында сөйлеген сөзінде тәуелсіздік, ұлттың өз-өзіне сенімі, демократия және әділетпен қатар діни және азаматтық бостандықтарға ие болуды революцияның негізгі принциптері мен құндылықтарының бірі деп атады.
Аятолла Хаменеи бөгде елдердің әділетсіз ұстанымдары мен теріс жарнамаларына тоқталып: «Қазіргі таңда біздің елде ой-пікір бостандығы мен сайлау еркіндігі бар. Ешкім ойы мен көзқарасы үкіметке қайшы болғандықтан қоқан-лоққыға ұшырап, қысымға алынып, қудаланбайды»,-деді.
АҚШ христиан дінінің бір тармағы болып табылатын давидшыларды жаппай қыру оқиғасын өз қылмыстары тізіміне енгізген жағдайда діни азшылықтардың құқықтарын қорғаушымыз деп уәж айтады.
1993 жылдың 19 сәуірінде Техас штатындағы Вико қалашығы 50 күндік қоршаудан кейін полиция қызметкерлерінің (FBI) шабуылына ұшырап, қасақана өртелді. Сол өртте 76 давидшы жан тапсырды. Қаза болғандардың арасында 21 бала мен екі аяғы ауыр әйел болды.
Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар Иранның тарихында халықты жаппай қырудың, дін ұстанушыларды өлтіру мен тайпаларды жою дегеннің болмағанын білуі тиіс. Бұл Иран халқының тамыры терең биік мәдениетін көрсетеді.