Вашингтон Ирандағы көше наразылықтарын қолдайды
(last modified Sat, 04 Aug 2018 15:13:12 GMT )
Там 04, 2018 21:13 Asia/Almaty
  • Вашингтон Ирандағы көше наразылықтарын қолдайды

АҚШ Мемлекеттік департаменті жұма күні Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Вашингтонның Ирандағы көше наразылықтарын қолдайтынын жазды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Президентінің орынбасары Майк Пенс те 23 шілдеде Вашингтонның Ирандағы көше наразылықтарын қолдайтынын қуаттап: "Трамп үкіметі Ирандағы наразылар жағында болады",-деді.

АҚШ-та Дональд Трамп билік басына келгеннен кейін Вашингтон ИИР-ға қарсы жаңа жарнамалық майдан ашты. Оның мақсаты – Иранда тынышсыздық тудыру.  

Америкалықтар ауыр санкциялар салу, экономикалық соғыс ашу және психикалық қысымдар жасау арқылы Иранда наразылық толқынының тууына күш салуда.

Иран халқы осы уақытқа дейін сан рет АҚШ-тың жоспарларының күлін көкке ұшырды.