Там 04, 2018 21:20 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Ресейге қысым көрсетуге бағытталған талпыныстары нәтижеге жетпейді

Ресей Федерациясының СІМ орынбасары Рябков жұма күні кешке АҚШ-тың бір ресейлік банкке салған жаңа санкцияларына қатысты реакциясында АҚШ-тың Ресейге қысым көрсетуге бағытталған талпыныстарының нәтижеге жетпейтінін мәлімдеді.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі жұма күні Солтүстік Кореяның қару-жарақ саласындағы әрекеттерімен байланысты деген сылтаумен ресейлік "Агро Союз" банкіне санкция салды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сергей Рябков: "Тіпті Ресейден үркіту жобасынан қасірет шегіп отырған америкалық саясаткерлер Ресейге қысым көрсету талпыныстарының нәтижесіз болатынын мойындап отыр",- деп мәлімдеді.

 

Тегтер